Әлішер Науаидың өмірі мен шығармашылығын оқыту
Nizomiy nomidagi TDPUОрта Азиядағы көп ұлтты халықтарымыздың жалпы білім беретін мектептерінде туысқан халықтардың әдебиетін оқыту өзекті мәселелерінің біріне айналып отыр. Мектепте туысқан халықтар әдебиетін оқыту бойынша біршама ізгілендірілген жұмыстар атқарылған. Бірақ бүгінгі оқу процесіндегі туысқан халықтар әдебиетін оқытуда мектеп оқытушысы апталап жұмыс жүргізетіні мәлім. Оқу өзбек, қазақ, қарақалпақ, қырғыз және түркмен мектептерінде туысқан халықтар әдебиеті әр түрлі сағаттарда берілген. Мәселен, өзбек тіліндегі әдебиет бағдарламасында туысқан халықтар әдебиетіне небәрі – 13, қазақ мектептерінде – 22, қарақалпақ мектептерінде – 42, қырғыз мектептерінде – 31, түркмен мектептерінде – 50 сағат ажыратылған. Берілген сағаттың аздығынан метеп оқушылары туысқан халықтар әдебиетін ақын мен жазушыларының өмірі мен өскен ортасы жайлы терең білімге ие бола алмайды.